A+ A A-

talgatzhan 40 16-09-2025, 13:00 0

ШҚО-да 10 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Бүгінде аймақта 10 619 медицина қызметкері еңбек етуде. Оның ішінде 2 906 дәрігер, 7 713 орта буын медицина маманы бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекованың айтуынша, биыл аймаққа келген 36 дәрігердің барлығы жұмысқа орналастырылды. Дегенмен әлі 153 маман тапшы. Оның 62-сі ауылдарға, 91-і Өскеменге қажет.
- Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін жергілікті бюджет есебінен 55 маман резидентурада оқып жатыр. 2025-2026 оқу жылына тағы 20 маманға грант бөлінді. Оның ішінде акушерлік-гинекология, анестезиология-реаниматология, хирургия, неонатология, педиатрия, психиатрия және басқа да салалар қамтылған. Қазіргі таңда аймақта гастроэнтеролог дәрігерлері жетіспейді, - деді Мадина Мырзабекова. 
Бұдан бөлек, биыл 72 маман шетелде білім алуда. Ол үшін облыстық бюджеттен 420,1 млн теңге қарастырылған. 15 жас дәрігерге көтерме жәрдемақы түрінде қолдау көрсетілді.

- Былтыр 44 дәрігер Германия, Ресей және Түркия клиникаларында білімін жетілдірген. Ал осы жылы мамандар акушерлік, онкология, кардиология, гастроэнтерология, рентгенология, шұғыл медицина сынды бағыттар бойынша тәжірибе жинақтайды, - дейді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, осы жылдың аяғына дейін Риддердегі көпсалалы аурухана кешені мен Өскемендегі гематология орталығының құрылысы аяқталуы тиіс.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив