Жол-көлік оқиғасы Күршім-Қалжыр тасжолының 55-ші шақырымында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, жүк көлігінің жүргізушісі шөпті дұрыс бекітпегендіктен, бір орам шөп қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке құлаған.
Салдарынан көлік иесіне материалдық шығын келді. Сот жүк көлігінің жүргізушісіне жеңілдікпен 20 АЕК көлемінде айыппұл салды. Оның сомасы 55 048 теңгені құрады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер