A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 15:15 0

ШҚО-да жыл басынан бері нәрестелердің өлім-жітімі азайды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Мадина Мырзабекова мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр өңір халқының саны артса, осы жылдың басында табиғи азайып, 357 адамға кеміді. Бұл туу деңгейінің төмендігі мен жастардың ауылдан қалаға көшуімен байланысты.

- Осы жылдың алғашқы алты айында туу көрсеткіші 14%-ға кеміді, бірақ нәрестелердің өлім-жітімі азайды. Ал ана өлімі мүлде тіркелмеді, - деді Мадина Мырзабекова 

Бүгінде босануды өңірлік деңгейде ұйымдастыру жобасы өз нәтижесін беруде. Жүкті әйелдерді қажетті көмек деңгейін қамтамасыз ететін емдеу мекемелеріне бағыттау жүйесі қалыптасқан.

Айта кетейік,биыл 5 млрд теңгеге ауруханалардағы 230-дан астам техниканы жаңарту жоспарланып отыр. Ана мен бала орталығындағы босану бөлімін реконструкциялау басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив