A+ A A-

talgatzhan 13 Бүгін, 15:30 0

ШҚО-да қазан айында ауа райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

“Қазгидромет” РМК мамандары келесі айға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Синоптиктердің айтуынша, қазан айының басы салыстырмалы түрде жылы болады. Түнде өңірдің басым бөлігінде ауа температурасы +5…+10°С аралығында болады, тек облыстың солтүстігінде -2°С күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +15…+20°С градусқа дейін көтеріледі.
Екінші онкүндіктің басында түнде температура -1…-6°С градустан +1…+6°С градусқа дейін, ал күндіз +7…+12°С градустан +13…+18°С градусқа дейін жетеді. 
Үшінші онкүндіктің басында түнде сынап бағанасы -7…-12°С градусқа дейін төмендейді, күндіз +10…+15°С градустан +2…+7°С градусқа дейін ауысады. Облыстың оңтүстігінде кей күндері+18°С градусқа дейін жылы болуы мүмкін. 
Бұдан бөлек, келесі айда жауын-шашын күтіледі. Бірінші онкүндіктің басында, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндікте қар жауады. Қазанның соңғы онкүндігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив