Кеше облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жетекшілігімен «Бекет-2025» ведомствоаралық топтамаларының оқу-жаттығуларын, облыстық әскери-экономикалық жаттығуларды және әскери міндеттілерді шақырумен өтетін тактикалық-арнайы жаттығуларды ұйымдастыру мәселелері бойынша жедел-қызметтік кеңес өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Әскери жағдай мен соғыс уақытында туындайтын дағдарыстық ахуалдарды, әскери қатерлерді бейтараптандыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің іс-қимылдары» тақырыбындағы оқу-жаттығулар 9 қыркүйек-4 қазан аралығында, ал әскери міндеттілерді шақыру 1–10 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Ауқымда оқу-жаттығуға Өскемен гарнизоны құрамынан 1230 әскери қызметші, 73 бірлік әскери және арнайы техника, облыстың барлық жергілікті атқарушы органы, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері, ҰҚК департаменті, Полиция департаменті, Қорғаныс істері жөніндегі департамент, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік қызмет істері департаменті және ӘПБ, ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасы қатысады.
Жаттығулардың мақсаты – дағдарыстық жағдайларда, әскери қатерлер кезінде жергілікті атқарушы органдардың, күштік құрылымдардың және әскери бөлімдердің өзара іс-қимылын жетілдіру, өңірдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін арттыру.
Пікірлер