Биыл екпе салу науқаны жарты айға кейінге шегерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылы шығысқазақстандықтар маусымдық вирусқа қарсы вакцинаны 13 қыркүйектен бастап алған еді. Ал биыл сәл кеш басталады.
- Вакцина жеткізілісімен бірден егу жұмыстары қолға алынады. Қазір вакцинацияның қандай ретпен жүргізілетіні туралы жоспар құрдық. Біздің мамандар дайындықтан өтіп жатыр. Вакцина осы аптада жеткізіледі деп күтілуде. Ол бұрын қолданылып, өз тиімділігін дәлелдеген, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова.
Пікірлер