Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, аймақ басшысының орынбасары Дархан Сапанов пен «Аманат» партиясының хатшысы Елдар Жұмағазиев талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде халық табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
Ол ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Осылайша, 2024 жылы жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 187 жоба қаржыландырылып, 352 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
63 ауыл шаруашылығы кооперативі несие алып, өз қызметін кеңейтуде. Бүгінде өңірде 234 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны – 400-ден астам адам.
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына бойынша облыста қосымша 25 жаңа кооператив құрылып, қаржыландыруға ұсынылды.
Ал биыл республикалық бюджеттен 3 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат аясында 305 жаңа жоба жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, биыл барлық ауыл әкімі «Әкімдер мектебі» жобасы аясында оқудан өтті.
- Бұл бастама ауылдар мен аудандарда жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жұмыс жалғасады, – деді аймақ басшысы.
Пікірлер