Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры 20 қыркүйек сағат 17:00-де өзінің 26-шы театр маусымын бастайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Маусым шымылдығы қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде қойылған «Шынарым менің, шырайлым менің» драмалық спектаклімен ашылады.
Шыңғыс Айтматов – ХХ ғасырдағы түркі халықтарының көрнекті жазушысы. «Шынарым менің, шырайлым менің» – оның терең философиялық мазмұнға толы, сахнада әсерлі көрініс табатын драмалық шығармаларының бірі.
Қойылым – махаббат, ар-намыс, адам тағдыры және ұлттық болмыс мәселелерін қозғайтын терең психологиялық драма. Айтматов шығармашылығына тән мәңгілік құндылықтар, рухани ізденіс пен ішкі драмалар сахналық тілмен көркем жеткізіледі.
26-шы маусымның ашылуы – бұл тек жаңа қойылым емес, өнер ордасының шығармашылық жолындағы жаңа кезеңі.
Пікірлер