A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:10 0

«Торпедо» хоккей клубы сырт айдында «Горнякты» жеңді

Бүгін / ШҚО / Спорт

Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінде кезекті ойын күні өтті. Бұл күні Рудныйдың «Горняк» клубы өскемендік «Торпедоға» овертаймда 5:6 есебімен есе жіберсе, Петропавлдың «Құлагері» Атыраудың «Бейбарысын» 4:1, Астананың «Номадц» Көкшетаудың «Арланын» 4:2, «Алматы» оверртаймда «Ертісті» 3:2, қарағандылық «Сарыарқа» «Ақтөбені» 9:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігі 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Торпедо» — 13, «Бейбарыс» — 4, «Ертіс», «Сарыарқа», «Арлан» — 3, «Барыс», «Номад» — 2, «Қазақмыс» (Сәтпаев) пен «Болат» (Теміртау) — 1 мәрте чемпион атанды. 

Өткен маусымда «Арлан» жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазір турнир кестесінде «Торпедо» мен «Номад» 7 ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив