A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:00 0

ШҚО-да көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Бүгін / ШҚО

Бүгін ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев облыс тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынның басты мақсаты – көлік саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен реформаларды түсіндіріп, азаматтарды ақпараттандыру. Сонымен қатар халықты толғандыратын мәселелерді талқылап, жедел шешу жолдарын қарастыру көзделген.
- Аймақтағы көлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар біршама. Мәселен, облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1 194 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 92 пайызы нормативтік жағдайда. Биыл жалпы ұзындығы 356 шақырымды құрайтын 12 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (164 шақырым), Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (75 шақырым), Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (93 шақырым), Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл (24 шақырым). Барлық жобаларды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ  Өскемен – Рахман қайнары автожолының 27,7 шақырымдық учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба аясында Өмеш асуындағы көпір құрылысы жалғасып жатыр, – деді ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.
Бұдан бөлек, биыл Өскемен – Зайсан – Өскемен бағытында ішкі облыстық субсидияланған әуе рейсі жоспарланған. Билет құны – 15 000 теңге, жалпы сомасы – 187 млн теңге. Катонқарағай мен Зайсан аудандарында әуежай құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда котлован әзірлеу, негіздің төменгі қабатын төсеу, нығыздау, периметрлік жол салу және құрылыс материалдарын дайындау қолға алынды. 
- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында сәуірден бастап елдегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту және қайта құру жобасы жүзеге асырылуда. Шығыс Қазақстанда 5 вокзал орналасқан. Соңғы жылдары жолаушылар вагондарын жаңарту жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Былтыр 143 жаңа вагон сатып алынып, соңғы 5 жылда тозу деңгейі 59%-дан 42%-ға дейін төмендеді. Биыл тағы 175 вагон сатып алынады, – дейді вице-министр.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив