A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:40 0

ШҚО әкімі қала және аудан басшыларына жылумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі жылу орталықтарының дайындығы 90%-ға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Электр желілерінің 537 шақырымы толық жөнделді. Қазір білім беру нысандары 100%-ға, денсаулық сақтау нысандары 97%-ға дайын.

Ал жылу көздерінде 393,3 мың тонна көмір қоры жинақталды. 

Бүгінде облыс халқының таза ауызсуға қолжетімділігі 99,4%-ға жетті (қала – 99,9%, ауыл – 98,4%). 

Әлі төрт мыңнан астам адамды, негізінен ауыл тұрғындарын, сумен қамту қажет. Осы мақсатта биыл 26 жобаға 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоспарға сәйкес ауылдық округтер мен қалаларда су желілерін салу және қайта жаңғырту қарастырылған. Жыл соңына дейін халықтың қолжетімділік көрсеткішін арттыратын Комсомольский, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Отрадное, Бозанбай, Асубұлақ, Үлкен Өзен, Берёзовка елді мекендеріндегі 13 жобаны аяқтау жоспарлануда.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша осы айдың басында қаржы игеру көрсеткіші жоспардың 92%-дан астамын құрады. Жекелеген нысандарда сорғы станциялары мен электр желілері бойынша кідірістер бар, бұл жұмыстар қазан–қараша айларында аяқталмақ.

Осы ретте облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бірқатар маңызды тапсырма берді. 

- Қала және аудан әкімдеріне 1 қазанға дейін халықты жылумен қамтамасыз ету бойынша қалған жұмысты аяқтауды тапсырамын. Орындамаған жағдайда жауапкершілік елді мекендердің бірінші басшыларына жүктеледі, - деді ол. 

Сондай-ақ аймақ басшысы көмір жеткізу ісінде өңірлік операторлардың ерекше бақылауын атап өтті. Барлық қабылданған шешім халықты таза ауызсумен 100% қамтамасыз етуге, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив