A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:30 0

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластағаны үшін 5 428 адам жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

2024 жылғы 15 сәуірден бастап өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған шара аясында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері экологиялық заңнаманың және санитарлық тәртіптің сақталуын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Облыс аумағында 16 могбильді топ жұмыс істейді. Олар рейдтік шаралар өткізіп, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтап, рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу шараларын қабылдауда. 
Акция басталғалы бері 15 500-ден астам құқықбұзушылық анықталып, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 10 165 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қоғамдық орындарды ластағаны үшін 5 428 адам жауапқа тартылып, 289 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталды, оның 273-і жойылды. Бұзушылықтардың себептері мен шарттарын жою үшін 300-ден астам ұсыныс атқарушы органдарға және заңды тұлғаларға жолданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив