Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелері конкурстар мен аукциондар арқылы беріледі.
- Биыл облыс бойынша коммерциялық мақсатта жер учаскелерін сату бойынша 60 аукцион өткізіліп, 600,2 млн теңге сомасына ауданы 46 гектарды құрайтын 73 жер учаскесі сатылды. Бірақ аукциондар Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын аудандарында өткізілмеді, - деді басқармас басшысы.
Ал агроқұрылымдар ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін конкурс арқылы алады. Бүгінде қалалар мен аудандарда 22 конкурс ұйымдастырылп, 26,3 мың гектарды құрайтын 144 жер учаскесі берілді. Алайда конкурстар Марқакөл, Самар және Тарбағатай аудандарында өтккен жоқ.
- Бұдан бөлек, биыл жер қойнауын пайдалану мақсатына 174,87 гектарды құрайтын 14 жер учаскесіне құқық беру туралы облыс әкімдігінің 11 қаулысы қабылданып, 14 жалдау шарты жасалды, - дейді Надежда Михейлис.
Облыстық жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 16 материал қаралды. Оның 15-і бойынша жер пайдалану құқығын беру мүмкіндігі туралы оң шешім қабылданды. Ал бір жер учаскесі бос болмауына байланысты бас тартылды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер