Өңір құтқарушылары шетелдік туристерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ТЖМ мен Катонқарағай ұлттық паркінің құтқару тобы теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктікте орналасқан Көккөл тау көлінің маңындағы жерге көтеріліп, туристерді Язевое көлінің жанындағы лагерьге дейін жеткізді. Осылайша, құрамында Чехия Республикасының үш азаматы болған туристік топты құтқару операциясы сәтті аяқталды.
Пікірлер