A+ A A-

talgatzhan 31 19-09-2025, 15:05 0

ШҚО тасжолдарында операторлардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраровтың айтуынша, былтыр қыста облыстық маңызы бар жолдар 84 мәрте, ал республикалық маңызы бар жолдар 44 рет жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тасжолдарда негізінен түнгі уақытта 12 сағатқа дейін қозғалыс тоқтатылған еді. Бұған қар көшкіні қаупі де себеп болды. 
- Биыл 1 қарашадан бастап облыс жолдарының жай-күйі, жұмыс істеп жатқан техника және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша ақпарат жинау үшін операторлардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады, - деді Нұрбек Тұраров. 
Басқарма ақпаратынша, облыс автожолдарының жағдайы жөнінде ақпаратты тәулік бойы келесі телефондар арқылы білуге болады:
26-28-08, 8-777-535-89-08 – «ҚАЖсервис» ЖШС (республикалық жолдардың диспетчері); 70-66-66, 8-705-798-05-99 – «ОблШығысЖол» ЖШС (облыстық жолдардың диспетчері).
Айта кетейік, Президенттің көгалдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау және қар тоқтату мақсатында «Өскемен – Тарғын – Самар» автожолының 74–77 шақырым учаскесінде 5 мың түп көшет отырғызылды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив