Шығыс Қазақстанға келген Қызылорда облысының делегациясы "Шығыс сүт" ЖШС-ға барып көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сүт өнімдерін тек өңір емес, республика бойынша саудалайтын бұл компания 1999 жылы ашылған. Бүгінде олар 80 түрлі өнім шығарады. Делегация мүшелері корпорациясының тарихымен, жабдықтарымен танысып, жұмыс барысын бақылады. Сондай-ақ меймандар өнімдердің дәмін татып көрді. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айранның дәмі тіл үйіретінін айтып, компания жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетейік, құрамына бифидум қосылған бұл айран ғарышкерлердің ас мәзіріндегі сусындардың бірі.
Пікірлер