«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында жастар арасындағы өзекті мәселелер қаралып, оларды шешудің жолдары талқыланды.
Кеңес мүшелері зиянды әдеттердің таралуына жол бермеу үшін алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Әсіресе білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, спорттық және мәдени шаралар арқылы жастарды бос уақытын тиімді өткізуге тарту маңызды екендігі атап өтілді.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізгі себептері ретінде мамандықтың еңбек нарығына сәйкес келмеуі және тәжірибенің жетіспеушілігі айтылды. Кеңес мүшелері NEET санатындағы жастарды азайту үшін кәсіби бағдар беру, қысқа мерзімді курстар мен қайта даярлау бағдарламаларын ұйымдастырудың маңызын көтерді.
Бұдан бөлек, «Жастарға жұмыс» жобасы жастарды еңбекке тартуға, алғашқы тәжірибе жинақтауға және тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етті.
Кеңес отырысының қорытындысында барлық бағытта кешенді жұмыс жалғасатыны, ұсыныстар мен пікірлер назарға алынатыны айтылды.
Пікірлер