A+ A A-

talgatzhan 31 22-09-2025, 17:20 0

ШҚО-да ауыл шаруашылығы тракторларының 73%-ы есептен шығарылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, техникаларды жаңарту қарқыны баяу, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Жаннат Көшерованың сөзінше, жыл басында машина-трактор паркін 6,5%-ға жаңарту жоспарланғанымен, тоғыз ай ішінде оның 5%-ы ғана орындалды.
– Кейбір ауданда ескі техниканы есептен шығару мен жаңасын тіркеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Биыл 1347 тракторды есептен шығару жоспарланса, оның 73%-ы ғана орындалды. Ал комбайндар бойынша көрсеткіш жоспардан асып түсті. Алайда Өскемен, Риддер қалалары мен Күршім ауданында қажетті шаралар қолға алынбады, – дейді Жаннат Көшерова.
Осыған байланысты облыс басшысы аудан әкімдеріне жұмысты бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Алтай мен Үлкен Нарын аудандарында салынып жатқан сүт фермаларының құрылысын кестеге сай аяқтап, дер кезінде іске қосу қажеттігін ескертті.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив