A+ A A-

talgatzhan 31 25-09-2025, 15:10 0

ШҚО әкімі Маралдыдағы мал өліміне қатысты жиналыс өткізді

Бүгін / Күршім / Өзекті мәселе

Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына қарасты Маралды ауылындағы мал өліміне қатысты жиналыс өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты органдардың өкілдері қатысқан жиында қабылданып жатқан шаралар мен алдағы іс-қимыл жайы талқыланды.

- Біздің басты міндетіміз – халық пен төрт түліктің қауіпсіздігі, табиғатымыз бен аң-құсқа ешқандай залалдың келмеуі. Тиісті сараптамалардың қорытындысы шыққаннан кейін нақты шешімдер қабылданып, барлық қажетті шаралар қолға алынады. Қазірдің өзінде биоқауіпсіздік және зардап шеккен мал иелеріне қолдау көрсету мәселелері қарастырылып жатыр, – деді облыс әкімі.

19 қыркүйекте Күршім ауданының әкімдігіне Маралды ауылында 8 ірі қараның белгісіз себептермен өлгені туралы хабар түсті. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен сол жерге бірден Күршім ауданының әкімі, ШҚО Экология департаменті, ШҚО Ветеринария басқармасы мен санитарлық қызмет мамандары барды. 

Ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Березит учаскесінде 7 малдың өлексесі табылған болатын. 20 қыркүйекте қайта тексеру кезінде тағы бір малдың өлексесі анықталды.

Мамандар судан, топырақтан және мал өлекселерінен сынама алып, кешенді зерттеулер жүргізу үшін тиісті зертханаларға жіберді. Атап айтқанда, Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ШҚО Ұлттық сараптама орталығына, «Күршім-Вет» КМК облыстық ветеринариялық зертханаға жіберсе, экологтар 23 қыркүйекте топырақтан қосымша сынама алып, экологиялық стандарттарға сәйкестігін тексеруге кірісті.

Сол аумаққа дезинфекция жүргізіліп, малға вакцина егілді. Сондай-ақ өндіріс орындары экологиялық талаптардың сақталуына қатысты тексерілді.

Экологиялық сараптама нәтижелері осы аптаның соңына дейін дайын болады деп күтілуде. Ал ветеринариялық сынамалардың қорытындылары 4 қазанға дейін шығарылмақ. 

Бүгінге дейін Маралды ауылында басқа мал өлімі тіркелген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив