A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақтандырылуда

Бүгін / ШҚО

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі сауда саласындағы заң талаптарын сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар - күнделікті сұранысқа ие, тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктер. Олардың халыққа қолжетімді болуы, бағасы мемлекет тарапынан бақыланады. 
ӘМБТ тізімі:
Бірінші сортты бидай ұны
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны 
Күнбағыс майы
Рожки өнімдері (өлшенетін)
Сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі сүйегімен)
Тауық еті (жамбас және жіліншік сүйектерімен ет бөлігі)
Қарақұмық жармасы (өлшенетін)
Тазартылған күріш (өлшенетін)
Қант (ақ қант ұнтағы)
Тауық жұмыртқасы (бірінші санат)
Сәбіз
Пияз
Картоп 
Орамжапырақ
Сары май (тұзсыз, майлылығы кемінде 72,5%, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
Айран (майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)
Сүт (пастерленген, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)
Сүзбе (майлылығы 5-9%)
Тұз (ас тұзы, «экстрадан» басқа).
Заңнамаға сәйкес сатушы әлеуметтік азық-түлік түрлеріне баға белгілеген кезде, өзі сатып алған бағасына 15%-дан артық үстеме баға қоюға тыйым салынған. 
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабына сәйкес әлеуметтік азық-түлікке 15 пайыздан артық сауда үстемесін қосқаны үшін:
- жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) (19 660 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (137 620 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (589 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бұл әрекет қайталанса:
- жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (39 320 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК (275 240 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (1 179 600 теңге) айыппұл салынады. 
Жыл басынан бері департаментпен 155 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркелді, оның ішінде 77-сі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан асатын үстеме баға қойғаны үшін. Тексеру шараларының нәтижесінде «ескерту» түрінде 50 хаттама толтырылса, 27 кәсіпкерге 285 070 теңге айыппұл салынды.
Егер әлеуметтік азық-түлік бағасының қымбат екендігін көрсеңіз, оның аз уақытта жоғарылап кеткенін байқасаңыз, саудагер бағаны аса көтеріп қойды деп есептесеңіз, департаментке шағым түсіруге құқылысыз.
Департаменттің байланыс телефондары; 8 (7232) 26-72-07, 61-41-21. 
Сонымен қатар Е-Өтініш порталы арқылы, Өскемен қаласы, 30 Гвардиялық дивизия көшесі, 22 мекенжайына келіп жүгіне аласыз. Өзіңіз тұрған жердегі жергілікті әкімдікке өтініш қалдыра аласыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив