Өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, зардап шеккендер жандарға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері өңірде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 146 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артты.
Зардап шеккен жандарды қолдау үшін аймақта 65 орынға арналған 4 дағдарыс орталығы, 2 Отбасын қолдау орталығы бар. Өткен айларда оған 2 900-ден астам азамат жүгініп, 89 әйел мен 50 балаға баспана берілген.
Пікірлер