Кеше Алматыда «Қазақ аруы - 2025» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сұлулар сайысында шығысқазақстандық бойжеткен Диана Қырымқызы 13 160 дауыс жинап, екінші орынға табан тіреді. Өскемендік аруға жанкүйерлер тікелей эфир кезінде дауыс беріп, барынша қолдау көрсетті.
Ал талдықорғандық Дәрия Қуатжан алға шығып, «Қазақ аруы - 2025» байқауының жеңімпазы атанды.
1. Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс;
2. Диана Қырым 13 160 дауыс;
3. Дариға Рахым 11 045 дауыс;
4. Данира Айдынқызы 8 288 дауыс;
5. Алтынай Базылжан 5 017 дауыс;
6. Ақшуақ Бауыржанқызы 4 462;
7. Ұлдана Ботабек 3 706 дауыс;
8. Айша Тасқан 3 551 дауыс;
9. Айкерім Нұрғалиева 3 109 дауыс;
10. Қызғалдақ Әуесханқызы 2 311 дауыс.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ аруы» байқауы отандық продюсер Баян Алагөзованың жетекшілігімен 15 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл байқауға 20 қыз қатысты.
Пікірлер