A+ A A-

talgatzhan 37 Кеше, 12:45 0

"Бұл жер қыран баптаудың атамекені": "Шығыс салбұрынына" келген испандық

Бүгін / Басты / ШҚО / Ұлан

Бозанбай ауылы маңындағы айтулы шара жыл өткен сайын алыс-жақын шет ел туристері мен қатысушыларды молынан жинап жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Еске сала кетеік, былтыр мұнда Текелі қаласынан келген құсбегі 20 мың доллар болатын ителгісін әкеліп, таң қалдырған еді. Биыл да сондай ерекше ақпараттарды естіп қалуымыз мүмкін. Дәстүрлі шараға шетелдік саятшылар да ерекше ықыласпен келуде. Соның бірі — Испаниядан келген Луис Панадэро. Ол қазақ жеріндегі саятшылық мерекесінен алған әсерімен бөлісті.
 – Бұл жердің ең керемет тұсы – ежелгі дәстүр рухын сезінемін. Мұнда әр нәрсенің өзіндік тарихы бар: тастар, адамдардың киімі, қыран құстар – барлығы тарихпен тыныстайды. Мұндай сезімді біз, сирек бастан кешіреміз. Сондықтан мен үшін бұл жер – қыран баптаудың атамекені,” – дейді жат жұрттан келген құсбегі.
Фестиваль аясында қатысушылар қыранды қолға шақыру, шырға тарту, сондай-ақ қоян мен түлкіге салу сияқты дәстүрлі сайыстарда бақ сынайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив