Полиция қызметіне қоңырау шалған жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жәбірленуші 2022 жылдың қыркүйегінде жеке кәсіп бастап, құрбысына есеп-қисаппен айналысуды тапсырған. Есепші табыс салығы мен қызметкерлердің зейнетақы төлемдерімен айналысу керек еді. Ол үшін кәсіпкер ай сайын есепшотына ақша аударып отырған.
Алайда 39 жастағы “есепшінің” аударылған қаражаттың барлығын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Ал келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Пікірлер