A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:25 0

ШҚО-да Қазақстандағы ең биік көпір салынуда

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі Өмеш асуында жаңа көпірдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған жұмыс Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары республикалық маңызы бар автомобиль жолының 56-72 шақырым учаскесін қайта жөндеу аясында қолға алынды. 

- Бұл Қазақстандағы ең биік көпір болады және елдің ең көрікті бағыттарының бірі бойынша жыл бойы қауіпсіз және жайлы саяхатты қамтамасыз етеді, - делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақпаратында. 

Бүгінде жағалау және аралық тіректерді орнату, іргетасын нығайту, бетон және арматура жұмыстары жүріп жатыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив