A+ A A-

talgatzhan 37 10-10-2024, 11:05 0

Өскеменде аялдамада жүрегі тоқтап құлап қалған әжені дәрігерлер құтқарып қалды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласында аялдамада отырған 78 жастағы әже кенет жүрегі тоқтап жерге құлап түскен. Шұғыл жеткен дәрігерлер оны аман сақтап қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қарт кісі аялдамада автобус тосып тұрған. Кенет өзін жайсыз сезініп, тынысы тарыла бастаған. Куәгерлер бірден жәдел жәрдемге қоңырау шалды. Олар жеткенше зейнеткер жүрегі тоқтап, құлап түскен. 

Дәрігерлер оқиға орнына 8 минут ішінде келді. Сол кезде қарттың жүрегі тоқтап қалғанына 4 минут өткен. Жедел жәрдем қызметкерлері көшеде реанимациялық амалдарды жасай бастады. Соның нәтижесінде клиникалық өлімнен кейін әйелдің жүрегі қайта дүрсілдеп, тынысы қалпына келді. 

«Біздің фельдшерлер 78 жастағы әженің жүрек жұмысы мен өздігінен тыныс алуын қалпына келтіру үшін бәрін жасады. Зейнеткер облыстық аурухананың кардиологиялық жансақтау бөліміне жеткізілді. Оны кардиолог, невропатолог, реаниматолог мамандар бақылауына алды. Қазір қарттың жағдайы тұрақты. №4 қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясынан. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да ата-аналардың көбі баласына «В» гепатитіне вакцина салдырудан бас тартып ататындығы хабарланған. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив