453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскеменде ширек ғасырға жуық уақыт еш құжатсыз жүрген адам анықталды

Өскеменде ширек ғасырға жуық уақыт еш құжатсыз жүрген адам анықталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемен қаласында ширек ғасырға жуық уақыт еш құжатсыз жүрген адам анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгінде елде тұратын азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және құжат беру бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр. Соның аясында ШҚО Полиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары 3 адамға көмек қолын созған. Солардың бірі - талай жылдар бойы Өскеменде тұрып келе жатқан Павлодар облысының тумасы. 

- 20 жылдан астам уақыт бойы ер адам еш құжатсыз жүрген. Соның салдарынан түрлі қиындықтарға тап болған. Бұған денсаулық жағдай себеп болды. Алайда барлық қажетті анықтамаларды жинауға көмектескен полицейлердің арқасында ол көптен күткен жеке куәлігін алды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Енді ер адам медициналық көмек алып, ресми жұмысқа тұра алады. Бұл жаңа өмірге алғашқы қадам.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив