Ресми мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері 89 адам зардап шекен. 9-ы қаза тауып, 51-і ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне еңбек құқықтарын қорғауға қатысты 1285 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп.
Өтініштердің 1231-і еңбек қатынастарына, 49-ы еңбек қауіпсіздігіне, 4-і жұмыспен қамту мәселесіне қатысты. 340 өтініш бойынша әкімшілік шешім қабылданып, 68%-ы жұмысшылардың пайдасына шешілді.
265 тексеру жүргізіліп, 313 заңбұзушылық анықталды. 28,2 млн теңгеге айыппұл салынып, 16,9 млн теңге өндірілді.
Биыл жалақы қарызы 202,51 млн теңгеге жетті. Берешектер 5 кәсіпорында тіркелген, оның 3-уі жұмыс істеп тұр, ал 2-еуі – банкроттық және оңалту сатысында.
Бұдан бөлек, 188 мыңнан астам жұмысшының 91%-ы еңбек шарттарымен қамтылған. 14 мыңнан астам кәсіпорын жүйеге қосылып, 569 кәсіпорынның ұжымдық шарттары цифрландырылған. Сондай-ақ 573 мекеме HR-enbek.kz жүйесіне штаттық кестесін енгізген.
Жыл басынан бері 600-ден астам азаматқа еңбек қатынастары бойынша кеңес берілді.
Пікірлер