A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:35 0

ШҚО-да жеке кәсіпкерлерді қолдауға 92 млрд теңге бөлінді

Бүгін / ШҚО

Шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы үлесі шамамен 25%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, биыл бизнесті қолдауға 92 млрд теңге бағытталып, 240-қа жуық жоба қаржыландырылды. 

- Соның нәтижесінде осы жылдың 8 айында шағын және орта бизнестен түсетін кірістер 14%-ға өсіп, 116,8 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17%-ға артып, 317 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда бизнесті қолдап қана қоймай, экономикалық өсудің жаңа құрылымын құру қажет. Мемлекет басшысының ірі кәсіпорындардың қатарында шағын және орта бизнес белдеуін қалыптастыру туралы тапсырмасы шеңберінде аймақта шағын кәсіпорындар мен ірі компаниялар арасындағы байланыстырушы буын болатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Құзыреттер орталығын құру жоспарланған, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Мұндай әдіс ұсыныстарды, әсіресе арнайы киім, шығын материалдары мен қызметтерді өндіру саласында шоғырландыруға, жеткізудің тұрақты тізбегін құруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда бизнес пен облыстың атқарушы органдарын байланыстыратын, құрамы өңірдің ірі кәсіпкерлерінен тұратын Іскерлік кеңес құрылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив