Анықталғандай, осы жылдың бірінші жартыжылдығында туризм саласына тартылған инвестиция 13 млрд теңгеге жетті. Нәтижесінде туристік ағын 16%-ға, шетелдік келушілер саны 5%-ға көбейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Шығыс Қазақстан – еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі және біз оны экономикалық ресурсқа айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Өңіріміз үшін бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және облыстың оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Туризмде төрт кластерді дамытудың стратегиялық әлеуетін көріп отырмыз. Атап айтқанда, Катонқарағайдағы сауықтыру туризмі, Марқакөлдегі экотуризм, Риддердегі шаңғы туризмі, Өскеменде және көршілес Ұлан, Глубокое аудандарындағы демалыс туризмі, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Бүгінде тау туризмі мен спортшыларды дайындау орталығына айналатын Риддер маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешенін салу жоспарланып отыр.
- Туризм саласына қаражат құюға ең алдымен жергілікті бизнес өкілдері қызығушылық білдіруде. Бірақ шетелдік инвесторлармен де, атап айтқанда швейцариялық «Бартолет» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі заманғы инфрақұрылым, яғни көлік қолжетімділігі, энергиямен жабдықтау, су ресурстары және байланыс болмай табысты туризмді дамыту мүмкін емес. Осы мәселелерді реттеуге де баса наза аударып отырмыз, - дейді аймақ басшысы.
Пікірлер