Қайғылы жағдай көктемде Үлкен Нарын ауылында су құбырындағы жарылуды жою кезінде болған. Жұмыс барысында траншеяның қабырғасы опырылып, дәнекерлеуші мен слесарь көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша Еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болған. Жұмыс берушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
- Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға міндетті. Ол жер жағдайын, техниканы тексеріп, қауіпті факторлар көрсетілген арнайы рұқсат қағазын беруі тиіс. Әр қызметкер осы құжатпен таныс болуы керек. Егер әлдене сәйкеспей тұрса, жұмыс бірден тоқтатылуы тиіс еді, — деді Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов.
Оның айтуынша, траншеяны қазу кезінде маңызды қауіпсіздік талаптары бар. Қабырғалары тік болмауы қажет, жан-жағы арнайы қалқанмен бекітілуі тиіс. Осындай шаралар орындалмағандықтан, топырақ опырылып түскен.
Пікірлер