A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 17:20 0

ШҚО-да қараша айында ауа райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

“Қазгидромет” РМК мамандары келесі айға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Айдың басында күн салыстырмалы түрде жылы болады. Сынап бағанасы түнде 0,+5°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+15°С-қа дейін жоғарылайды. 
Алғашқы онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -4-9°С-қа дейін, күндіз -1+4°С-қа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында күн қайтадан жылынады. 
10 қарашадан кейін күн суытып, сынап бағанасы түнде -10-15°С-қа дейін төмендейді. Жалпы қараша бойы температура -15°С-тан төмендемейді деп болжануда.
Ал үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде -3-8°С-тан -10-15°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан 0,-5°С-қа дейін өзгереді. 
Бұдан бөлек, қарашада көктайғақ, қар мен боран күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив