A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да болашағы жоқ бірнеше ауыл картадан жойылды

Бүгін / Басты / ШҚО

Облыстық мәслихат Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар елді мекенді тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алтай ауданында 3 ауыл, атап айтқанда Соловьев ауылдық округіне қарасты Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ауылдары таратылды.

— Таратылған ауылдар енді іргелес елді мекендердің құрамына кірді. Ленинск — Подорлёнок ауылының, Ландман — Малеевск ауылының, ал Кутиха — Парыгино ауылының құрамына қосылды. Шемонаиха ауданында 2 елді мекен картадан жойылды. Заречное ауылы — Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы — Каменев ауылдық округіне қарасты ауыл құрамына қосылып отыр, — деп хабарлады мәслихаттан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив