A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да жылу орталықтарындағы құрал-жабдықтардың тозуы 58%-ға дейін төмендеді

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі жылу желілері мен жылу орталықтары жаңартылып, жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр Үкімет резерві мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы есебінен қолға алынған жөндеу жұмыстарынан кейін жылу орталықтарының тозуы 62,1%-дан 58,4%-ға азайды.

Биыл жылу желілері мен жылу көздерін жөндеуге және жаңартуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Риддер ЖЭО-ға ерекше көңіл бөлінуде: соңғы екі жылда жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында ол қызыл аймақтан шығарылды.

– Биыл орталықта 6 млрд теңгеге қосымша жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл құрал-жабдықтардың тозуын 46%-дан 43%-ға, жылу желілерінің тозуын 67%-дан 59%-ға дейін төмендетеді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі жылыту маусымына қажетті барлық шараның қолға алынғанын атап өтті: бюджеттік сала ұйымдары көмірмен толық қамтамасыз етілген, барлық жылу көзінде жиырма күндік отын қоры бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив