A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:05 0

Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тасжолының учаскесі енді жоғары жылдамдыққа ие

Бүгін / ШҚО

Жөндеу жұмыстарынан кейін автмобиль жолының 100 шақырымнан асатын бөлігі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалының мәліметінше, республикалық маңызы бар Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тасжолын қайта жаңарту аясында 971-ші шақырымнан 1073-ші шақырымға дейінгі аралықта жалпы ұзындығы 102 шақырым болатын үш жол учаскесінің құрылысы аяқталды.
Бұл учаскелер Қалбатау мен Өскеменді байланыстырады. Қазір жол толық пайдалануға берілді.
Жаңартылған жолдың 5 шақырымы I техникалық санатқа сәйкес келеді — бұл жоғары жылдамдықтағы қозғалысқа арналған жол. Ал қалған 97 шақырым жол II санатқа жатады. Мұнда рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық — сағатына 120 шақырым.
Сонымен қатар әр 10 шақырым сайын бақылау камералары орнатылған. Екі ақылы арка және көлік құралдарының салмағын өлшейтін жүйе қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив