Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Ұлан ауданына қарасты Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжіне барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1945 жылы құрылған колледж студенттерді ауыл шаруашылығы, техникалық және IT бағыттары бойынша тоғыз мамандыққа оқытады. Білім ордасындағы 424 студенттің 73-і дуальды оқыту жүйесі арқылы теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастырып жүр.
Колледждің 1973 жылы салынған жатақханасында 192 студент тұрады. Олардың ішінде Алматы, Жамбыл облыстарынан және Шымкент, Түркістан, Семей, Қарағанды қалаларынан келгендер бар.
Пікірлер