A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:45 0

Ұлан ауданында жаңа демалыс аймағы салынуда

Бүгін / Ұлан

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауылдық аумақтарда жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бағдарлама аясында Ұлан ауданының Тоғанас ауылында жаңа туристік демалыс аймағы салынып жатыр.

Жоба қатысушысы, жергілікті кәсіпкер Меруерт Бауыржанқызының айтуынша, бүгінде демалыс үйлерінің құрылысы аяқталу сатысында. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізіліп жатыр.

- Бұл жоба - мен үшін үлкен мүмкіндік. Өз ауылымда туризм саласын дамытуды армандадым. Қазір демалыс үйлерінің құрылысы соңғы кезеңінде. Алдағы уақытта мұнда жыл бойы келушілерге қызмет көрсететін заманауи демалыс аймағы ашылады, – дейді кәсіпкер.

Жаңа демалыс аймағы табиғаты әсем өңірде орналасқан. Мұнда демалушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалмақ: жайлы қонақ үйлер мен жылыжай үлгісіндегі демалыс үйлері, балаларға арналған ойын алаңы, отбасылық демалыс аймақтары, табиғи таза тағамдар ұсынатын асхана мен жазғы шатырлы орындар.

Демалыс орны тек жаз мезгілінде ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейтін болады. Қыста қонақтар атқа мініп, табиғат аясында демалса, көктем мен күзде экотуризм бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Бұл бастама ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл экономикасын дамытуға жол ашады.

- «Ауыл аманаты» жобасы – ауыл кәсіпкерлері үшін нақты мүмкіндік. Осындай жобалар арқылы ауылда өмір сапасын арттырып, туризм мен шағын бизнесті дамытамыз, – дейді Меруерт Бауыржанқызы.

Жаңа туристік нысанның ашылуы Тоғанас ауылының дамуына тың серпін беріп, өңірдің ішкі туризм әлеуетін арттыруға үлес қосатыны сөзсіз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив