453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Катонқарағай ауданындағы әуежай құрылысы келесі жылы аяқталады

Катонқарағай ауданындағы әуежай құрылысы келесі жылы аяқталады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанның туристік аймақтарында салынып жатқан үш жаңа әуежайдың құрылысына шамамен 226 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сөзінше, қазір Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында жаңа әуежайлар салынып жатыр. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Кендірлі ауылында тағы бір әуежайдың құрылысы жүргізілуде.

- Бұл әуежайлардың құрылысы 2024 жылы басталды. Зайсандағы әуежайдың құны шамамен 68 млрд теңге, Кендірлідегі әуежайға 69 млрд теңге, ал Катонқарағайдағы әуежайға 89 млрд теңге жұмсалады. Зайсан ауданындағы әуежайдың құрылысын биылғы жылдың соңына дейін толық аяқтаймыз. Катонқарағайдағы әуежай құрылысын 2027 жылдың ақпанында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Кендірлідегі әуежайдың құрылысы да 2026 жылдың соңына дейін аяқталады, – дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайларды пайдалануға беру үшін тиісті құжаттарды рәсімдеп, лицензиялар алу қажет екенін айтты. Сондықтан жаңа әуежайлар жолаушылар мен әуе кемелеріне 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет көрсете бастайды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив