453.26 506.7 5.58
A+ A A-

ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 60-тан астам дерегі анықталды

ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 60-тан астам дерегі анықталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өткен аптада өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 60-тан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, 434-баптың 2-бөлігі бойынша 12 хаттама жасалды. Сондай-ақ рұқсат етілмеген сегіз қоқыс орны анықталды. Олардың барлығы тазартылды.
- Тарбағатай ауданында абаттандыру қағидаларын бұзған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту берілді. Өскеменде қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулаларында алкогольдік ішімдіктер ішуге қатысты бес дерек тіркелді. Әр жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тағы бір жағдай Астана көшесінде тіркелді. Ер адам қоғамдық аумақты ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту берілді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив