Бұл туралы ШҚО Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Меруерт Ахметнабиева мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Меруерт Ахметнабиеваның айтуынша, облыстық бюджет бойынша игерілмеген сома көлемі 1,2 млрд теңгені, ал республикалық бюджет бойынша 1,0 млрд теңгені құрайды.
- Облыстық деңгейде қаражаттың бір бөлігі келісімшарттардың болмауы, конкурстардың аяқталмауы және тауардың жеткізілмеуіне байланысты игерілмеген. Бұл бағыттағы жалпы сома 693,5 млн теңгені құрады. Сонымен қатар жасалған жұмыстардың актілерінің болмауынан тағы 460,3 млн теңге игерілмеді. Ең ірі үлес тұрғын үйді сатып алу бағдарламасына тиесілі. Бұл бағытта 468,6 млн теңге жұмсалмады. Сондай-ақ ШҚО Кәсіпкерлікті дамыту басқармасы – 142,9 млн теңге, ШҚО Білім басқармасы – 25,7 млн теңге, Риддер қаласы – 98,5 млн теңге, ШҚО Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасы – 71,6 млн теңге, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы 64,3 млн теңге көлеміндегі қаржыны игере алмады, - Меруерт Жұмабекова.
Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд теңгенің 292,5 млн теңгесі тұрғын үй сатып алуға бағытталғанымен, түрлі себептермен пайдаланылмаған. Бұл қатарда Өскемен қаласы (44,8 млн теңге) мен Тарбағатай (66,6 млн теңге), Катонқарағай (69,1 млн теңге), Зайсан (63,0 млн теңге), Марқакөл (38,4 млн теңге), Алтай (10,5 млн теңге) аудандары бар. Сондай-ақ 289,8 млн теңге көлемінде атқарылған жұмыстардың актілері болмағандықтан, қаражат аударылмаған. Үкімет резервінен бөлінген 433,5 млн теңге де толық игерілмеді.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдеріне бюджет қаражатын сапалы игеруді тапсырды. Сонымен қатар Өскемен қаласы мен Глубокое, Шемонаиха аудандары ерекше бақылауда болатынын айтты.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер