Патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғыны тізгіндеген шетелдік көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
36 жастағы жүргізушіні тексеру барысында одан алкоголь иісінің шығып тұрғаны байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде әйелдің орташа дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Белгілі болғандай, ол 2021 жылы Ақтөбе қаласының әкімшілік сотының қаулысымен 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған екен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер