A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 15:10 0

ШҚО-да биыл «Даму» қоры 105 жаңа жобаны қаржыландырды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтуынша, биыл қор ауқымды трансформация кезеңінен өтіп жатыр. Маусым айында «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылған.
– Бұл бағдарлама пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау тетігіне тиімді балама болмақ. Ең бастысы, кәсіпкерлер қаржыны кідіріссіз алу мүмкіндігіне ие болады. Шарттары да ыңғайлы, несие мерзімі – 10 жылға дейін. Облыс бойынша осы бағдарлама аясында жалпы сомасы 11,2 млрд теңге болатын 36 жоба қолдау тапты, – деді Айгүл Қасымова.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кепілдік беру тетігі де жетілдірілді. Биыл құны 7 млрд теңгеге дейінгі және 7 млрд теңгеден асатын жобалар үшін екі жаңа «Кепілдік қоры» іске қосылған.
— Егер кәсіпкердің кепіл мүлкі жетпей жатса, «Даму» қоры 7 млрд теңгеге дейінгі несиеге портфельдік кепілдікті бар болғаны екі жұмыс күні ішінде береді. Бұл кепілдік несие сомасының 85 пайызына дейінгі бөлігін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын мөлшерін қамтиды, — деп түсіндірді филиал директоры.
Жыл басынан бері өңірде жалпы сомасы 33,9 млрд теңгені құрайтын 129 кепілдік шартына қол қойылған. Оның ішінде, қордың кепілдік үлесі 20,9 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, «Даму» қоры биылғы 9 айда жалпы несие сомасы 15,1 млрд теңге болатын 105 жаңа жобаны субсидиялау құралы арқылы қолдады. 
– Оның ішінде, 84 жоба «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 8,2 млрд теңгеге қаржыланса, 21 жоба 6,9 млрд теңгеге «Ішкі сауда субъектісі» ретінде қолдау алды, – деді мамандар.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив