Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік-Шығыс Азия елдері өңірлік әкімшіліктері қауымдастығына (СШАЕӨӘҚ) мүше болуға өтінім берді. Бұл – Қытай, Корея, Ресей, Жапония, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің 100-ден астам өңірін біріктіретін халықаралық платформа, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жеке бастамасымен қауымдастыққа ресми өтініш Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі арқылы СШАЕӨӘҚ хатшылығына жолданды. Өңірдіі мүшелікке қабылдану мәселесі келер жылы Бурятия Республикасында өтетін қауымдастық отырысында қаралады.
Қазір СШАЕӨӘҚ-ның корреспондент-мүшелері қатарында Хошимин (Вьетнам), Шу облысы (Қырғызстан) және Түркістан облысы (Қазақстан) бар.
Шығыс Қазақстан төртінші қатысушы өңір атануы мүмкін.
Қауымдастыққа мүшелік Шығыс Қазақстанға Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда, көлік, логистика және инвестиция салаларындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл – өңірдің халықаралық беделін арттыру мен экономикалық стратегиясын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.
Айта кетейік, СШАЕӨӘҚ 1996 жылы құрылған.
Пікірлер