A+ A A-

talgatzhan 31 14-10-2024, 16:26 0

Өскеменде Ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен

Тексерілемін десеңіз өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келуіңіз керек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 4000-нан астам адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдығуда. Осы тұрғыда жергілікті мамандар тиісті шараларды уақтылы қолға алып келеді.
19 қазан күні сағат 09:00-13:00 аралығында ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безінің қатерлі ісігін ерте диагностикалау мен алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді. 
Бұл күні тұрғындар орталықтың жетекші мамандарынан дәрігер жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Жөндеу жұмыстарына байланысты іс-шара Потанин көшесі, 6, 2-корпуста (онкологиялық орталықтың стационары) өтеді. 
Анықтама телефондары: 8(7232)489-151, 8-778-003-78-45.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив