Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Гүл сататын дүкеннің сатушысы түн кезінде белгісіз біреудің тонап кеткені туралы полицияға хабарлаған. Анықталғандай, дүкенге келген ұры сатушыны қорқытып, бірнеше рет ұрған. Артынша кассадан 14 000 теңге көлемінде ақша ұрлап, қашып кетті.
Екі күннен кейін полицияға дәл сондай тағы бір қоңырау келіп түсті. Бұл жолы ер адам азық-түлік дүкенінің сатушысына күш көрсетіп, 110 000 теңгеден астам қаражатты жымқырып кеткен.
Күдікті жедел анықталып, қамауға алынды. Белгілі болғандай, 30 жастағы облыс тұрғыны дүкен маңынан пәтер жалдаған. Ал ұрланған ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсапты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдай мен осы іске қатысы бар-ау дегендерді анықтауға бағытталған қосымша тергеу жүргізілуде. Күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Пікірлер