«BILETI-BUS.KZ» электронды автовокзалы Абай даңғылы, 203/3 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күн сайын автовокзалдан Риддер, Шемонаиха, Алматы, Талдықорған және Ресейдің Барнаул, Новосибирск, Томск, Кемерово қалаларына автобус жүреді. Мекеме басшылығы Алтай қаласы мен Бұқтырмаға да рейс ашуды жоспарлап отыр.
- Халық тарапынан Алтай мен Бұқтырмаға сұраныс бар. Біз жолаушылардан түсетін өтініштерді сараптап, соның негізінде жаңа бағыттарды ашып отырамыз. Алайда Алтай қаласында автовокзал, тіпті жолаушыларды қабылдау пункті де жоқ. Сондықтан алдымен осы мәселені шешу керек. Одан кейін Бұқтырма арқылы өтетін автобустар мен маршруттарды іске қоспақпыз, - дейді «Қазақстанның бірінші электронды автовокзалы» ЖШС және «BILETI-BUS.KZ» жобасының директоры Денис Фомин.
Айта кетейік, автовокзалда жолаушыларға ыңғайлы төлем жасауға мүмкіндік бар. Билет ақысын комиссиясыз кез келген банк картасы немесе ұялы телефондағы қосымша арқылы төлей алады.
Пікірлер