A+ A A-

talgatzhan 26 15-10-2024, 14:06 0

Жыл басынан бері Қазақстанда өрт салдарынан 213 адам көз жұмды

Бүгін / Республика

Өрт оқиғалары еліміздің үш ірі қаласы мен екі облысында көбейді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


«Жыл сайын елімізде орта есеппен 10 мыңнан астам өрт дерегі тіркеледі. Тілсіз жау көп жағдайда жеке тұрғын үй секторын шарпып жатады. Бірінші қазаннан бастап жылу беру кезеңі басталды. Тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала бар. Осы мерзімде өрт салдарынан 13 адам жараланды», - деді Қанат Доспаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болған, 213 адам жараланған.

«Өрт оқиғаларының көбеюі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы мен Маңғыстау облыстарында байқалды. Қаза тапқандардың көпшілігі Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл ретте, 64 адам мас күйінде болған», - деді ведомство өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Әкімдіктермен бірлесіп осы санаттағы адамдарға тиесілі 101 мың тұрғын үй есепке қойылды. Қазір олардың 98% профилактикалық жұмыспен қамтылды, 278 мың адамға тиісті нұсқау берілді.

«Сонымен қатар, былтырғы тәжірибеге сүйене отырып, профилактикалық жұмыстар автономды жылыту жүйелерімен байланысты жазатайым оқиғалар қаупі бар тұрғын үйлерді қамтиды. Мәселен, 220 мыңнан астам үйді аралап, 580 мыңға жуық адамға нұсқау берілді. Тұрғын үй секторында анықталған кемшіліктер барлық жерде бірдей. Яғни көп жағдайда пеш мұржалары тазартылмаған, электр энергиясы желілері мен пештер жөнделмеген», - деді ведомство өкілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив