Сондай-ақ облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 16 қазанда облыстың оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман күтіледі.
Осы тұста мамандар көлік жүргізушілеріне жылдамдық пен қашықтықты сақтауды еске салады. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін абай болу қажет.
Пікірлер