A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да жас құтқарушылар жарысында №29 мектеп оқушылары үздік шықты

Бүгін / ШҚО

Облыстық ТЖД спорт манежінде “Жас құтқарушы” орталығының басшысы Евгений Шатурныйды еске алуға арналған облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету, жәбірленушіні тасымалдау, өрт-құтқару эстафетасы және кедергілерден өту кезеңдерінде өз шеберліктерін сынға салды.

ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Эльдар Шаймардановтың айтуынша, мұндай сайыстар департаментте дәстүрге айналып, оқушылардың төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 

Айта кетейік, жарысқа барлығы 13 команда қатысты. Солардың ішінен №29 мектеп оқушылары үздік шығып, Гран-приге ие болды. Бірінші орынға №37 және №39 мектеп командалары ие болса, екінші орын №22 мектепке, ал үшінші орын №16 мектепке бұйырды.

Жарыс жасөспірімдердің құтқарушы мамандығына қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік дағдыларын тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив