Облыстың мәдениет саласын қолдауға келер жылы бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратовтың сөзінше, өңірдегі 13 мәдениет ұйымын ұстауға 6,9 млрд теңге қарастырылған.
– Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға 870 млн теңге бөлінеді. Тарбағатай ауданына қарасты Қарасу ауылындағы Мәдениет үйін жөндеуге 15 млн теңге бағытталмақ. Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласындағы көпбейінді корпустың реконструкциясын аяқтауға 770,6 мле теңге бөлінеді, – деді Нұрсұлтан Маратов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер